Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Демал, досым!»: Қырғыз президенті өзі қызметтен босатқан Тәшиевпен кездескенін растады

    «Демал, досым!»: Қырғыз президенті өзі қызметтен босатқан Тәшиевпен кездескенін растады

    Фото: 24kg

    10 ақпанда 5 жылдан аса Қырғызстанның «екінші адамы» болған Қамшыбек Тәшиевтің қызметінен босатылғаны белгілі болды. Бүгін Садыр Жапаров Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің бұрынғы төрағасымен кездескенін мойындады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    – Иә, біз кездестік. Кеше кешке оны қабылдадым. «Демал, досым, денсаулығыңды күт, сабыр сақта!» дедім. Досымның айтуынша, ол «ақсақалдармен» де, «көксақалдармен» де сөйлеспеген. Осыған сүйене отырып, ол адамдар досыма айтпай, жасырын жоспар бойынша өз бетінше әрекет еткен деген ой түйдім, – деді ол мемлекеттік «Кабар» агенттігіне сұхбатында.

    Садыр Жапаров бұған дейін «Тәшиев алдағы уақытта қандай да бір мемлекеттік қызметке келмейді» деп мәлім еткен-ді. Оның «ақсақалдар» деп меңзегені – мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге шақырған ашық үндеу авторлары. Өткен аптада ол үндеуге қол қойғандардың үшеуін – Эмилбек Ұзақбаев, Құрманбек Дыйканбаев пен Бекболот Талғарбековты Қырғызстан ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру ісі бойынша ұстаған болатын.

    Бұған дейін Садыр Жапаров досы, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің экс-төрағасы Қамшыбек Тәшиевті қызметінен босатудың себебін айтқан еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →