Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты •

    Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңді: бұл ойын ережесі мүлде басқа

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева шахматтың ерекше түрінен бұрынғы әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңіп, 2027 жылғы әлем біріншілігіне жолдама алды.

    Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңді: бұл ойын ережесі мүлде басқа
    file_491.jpg

    Қазақстандық шахматшы, блицтен үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева классикалық шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңді. Кездесу шахматтың жаңа түрі – фристайл бойынша көрсетілімдік матч форматында өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Германияда фристайл-шахматтан (Фишер шахматы) ерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Осы турнир аясында әйелдер арасында тек Бибісара Асаубаева мен Александра Костенюктің арасында көрсетілімдік кездесу ұйымдастырылды. Төрт партиядан тұрған матч 2,5:1,5 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Бұл жеңіс Асаубаеваға 2027 жылы өтетін фристайл-шахматтан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына жолдаманы кепілдендірді.

    «Жеңіске жету әрқашан жағымды. Әсіресе, бұл жеңіс фристайл-шахматтан келесі әлем чемпионатына қатысуға кепілдік берсе», — деп пікір білдірді Асаубаева.

    Фристайл-шахмат немесе Фишер шахматы – 90-жылдары әлем чемпионы Бобби Фишер ойлап тапқан шахматтың ерекше түрі. Оның классикалық шахматтан басты айырмашылығы – әр партия алдында пешкалардан басқа фигуралар белгілі бір шарттарды сақтай отырып, кездейсоқ тәртіппен орналастырылады. Фигураларды орналастырудың 960 нұсқасы бар. Соңғы жылдары бұл ойын түрін норвегиялық Магнус Карлсен белсенді түрде насихаттап жүр. Дәл осы Карлсен ерлер арасындағы чемпионаттың жеңімпазы атанды. Жаңа ереже бойынша әр партияда фигуралардың жаңа орналасуы теориялық дайындықтан гөрі, ойыншының комбинациялық ойлау қабілетін бірінші орынға шығарады.

    Фото: Freestyle-chess.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →