Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты •

    Астанада екі сәби пәтерде қамалып қалды: құтқарушылар арқанмен түскен

    Астанада анасы сыртқа шыққанда екі сәби пәтерде қамалып қалды. ТЖМ қызметкерлері 7-қабатқа арқанмен түсіп, балаларды аман-есен құтқарды.

    Астанада екі сәби пәтерде қамалып қалды: құтқарушылар арқанмен түскен
    file_488.jpg

    Астанада екі кішкентай бала пәтердің ішінде қамалып, анасы далада қалып қойған. Құтқарушылар 7-қабаттағы пәтерге арқанмен түсіп, сәбилерді анасына аман-есен тапсырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Оқиға елорданың Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Анасы кіреберіске сәл уақытқа шыққанда, үйде қалған сәбилер есікті ішінен іліп алған.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері шақырту орнына шұғыл жетті. Альпинистік құрал-жабдықтарды қолданған құтқарушы жоғарғы қабаттан арқанмен түсіп, 7-қабаттағы пәтердің терезесінен ішке кірген.

    Пәтерде 2022 және 2024 жылы туған екі бүлдіршін болған. Құтқарушылар есікті ашқаннан кейін балаларды анасына аман-есен табыстады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →