Басты бет » Шымкенттіктер тізеден су кешіп жүр

Шымкенттіктер тізеден су кешіп жүр

Фото: Видеодан скрин

Шымкент қаласындағы Өтегенов көшесі су астында қалды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Өтегенов көшесін қалың су басқаны анық көрінеді. Қардың күрт еруінен жиналған су жол бойына сыймай, тұрғын үйлердің маңына дейін жайылған.

Салдарынан жаяу жүргіншілер тізеден су кешуге мәжбүр, ал көлік қозғалысы айтарлықтай қиындаған.

Жыл сайын қайталанатын мұндай мәселеге қарамастан, қала әкімдігі тарапынан нақты әрі тиімді шешім қабылданбай отырғаны тұрғындардың наразылығын күшейтуде.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика