Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Ким Чен Ын небәрі 13 жастағы қызын мұрагерлікке дайындап жатыр

    Ким Чен Ын небәрі 13 жастағы қызын мұрагерлікке дайындап жатыр

    Фото: Korean Central News Agency

    Бұл туралы мәліметті былтырдан бері әлемдік БАҚ ашық айтып келеді.
    Осы жолы Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі де мұны растаған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    КХДР басшысы Ким Чен Ын өзінің қызы Ким Чжу Эні тақ мұрагері етіп тағайындауды көздейді. Қазір оның мәртебесін нығайту бағытында жұмыс істеуді жалғастыруда.

    Сеулде Ким Чжу Э жақын арада билеуші Еңбек партиясының отырысына қатысуы ықтимал. Сол кезде аталған жорамал нақтылана түспек. Барлау қызметі де оның отырысқа қатысуы, таныстырылу форматы және ресми мәртебе берілуі билікті тапсыру жоспарының бір дәлелі екенін жоққа шығармайды.

    NIS-тің жабық брифингінен соң депутат Ли Сон Кын оңтүстіккореялық барлау қолданатын тұжырым өзгергенін сөз етіп, Ким Чжу Энің кандидатурасы қарастырылып жатыр десе, кейін «мұрагер ретінде тағайындалу сатысында» деген сарында пікір білдіріп отыр.
    Шыны керек, Оңтүстік Корея барлауы оның ел басшылығына дайындалып жатқанын алғаш рет 2024 жылдың 29 шілдесінде-ақ хабарлаған еді. Артынша сценарийдің өзгеруі мүмкін екенін алға тартты. Басқа да кандидаттың таңдалуы ықтимал болатынын қоса кетті.

    Ким Чжу Э әкесімен бірге әскери парад, ресми іс-шараларда жиі бой көрсетеді. 2025 жылдың қыркүйегінде ол Ким Чен Ынмен бірге Қытайға барды. Сол уақытта Yonhap агенттігі «бұл бірлескен сапар билікті тапсыруға дайындықтың белгісі болуы мүмкін» деп жазды. Сарапшылардың қыздың жасын шамамен 13-те деп бағалайды, бірақ оның нақты туған күні жарияланбаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →