Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Иллюзияға сенген астаналықтар 413 млн теңгесінен айырылды • Әлемге әйгілі жапон жазушысы Рю Мураками 74 жасында өмірден өтті • Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) • «Тағдырдың жазуымен»: Әнші Айжан Нұрмағамбетова ауруханаға түсіп қалды (ВИДЕО) • Қазақмыс металлургі жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды • NVIDIA басшысы қазақ жастарына қандай кеңес берді? • Иллюзияға сенген астаналықтар 413 млн теңгесінен айырылды • Әлемге әйгілі жапон жазушысы Рю Мураками 74 жасында өмірден өтті • Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) • «Тағдырдың жазуымен»: Әнші Айжан Нұрмағамбетова ауруханаға түсіп қалды (ВИДЕО) • Қазақмыс металлургі жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды • NVIDIA басшысы қазақ жастарына қандай кеңес берді? •

    Мұнайдағы 6 млрд дауы: Мәжілісте министрлікке ауыр айып тағылды

    Мұнайдағы 6 млрд дауы: Мәжілісте министрлікке ауыр айып тағылды

    Фото: Мәжіліс

    Мәжілістің Экология және табиғат пайдалану комитетінің отырысында депутат Мұрат Әбенов пен Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров арасында мұнай саласындағы қаржыға қатысты дау туындады. Жиын барысында депутат саладағы тапсырыстарды орналастыру кезінде заңбұзушылықтар болуы мүмкін екенін айтып, жауапты ведомствоның жұмысын қатаң сынға алды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Әбеновтің сөзінше, мұнай компаниялары арқылы қаржы жымқыру деректері Президент деңгейінде қаралуы тиіс. Ол бір компанияда 6 млрд теңгені жымқырған екі қызметкер сотталғанын алға тартты. Депутат ұйым жыл сайын ірі тапсырыстар алып отырғанымен, мемлекетке төлеген корпоративтік табыс салығы мардымсыз болғанын мәлімдеді.

    Өз кезегінде вице-министр Ерлан Ақбаров аталған мәселеге қатысты компаниялар арасында сот процестері әлі жалғасып жатқанын айтты. Оның пікірінше, болған жайтты әзірге «ұрлық» деп нақты квалификациялауға болмайды.

    Алайда депутат бұл уәжбен келіспей, сот шешімі 6 млрд теңге көлеміндегі қаржылық заңбұзушылықты растағанын мәлімдеді. Ол вице-министрді «жалған ақпарат берді» деп айыптап, мемлекеттік қызметкер ретінде сот шешіміне қарсы пікір айту орынсыз екенін жеткізді.

    Кейін Ақбаров сөз болып отырған іс жалған кәсіпкерлік фактілеріне қатысты екенін түсіндірді. Депутат болса, министрлік өкілі іс материалдарымен толық таныс емес болуы мүмкін деген күмән келтірді.

    Осылайша, Мәжіліс қабырғасында мұнай саласындағы миллиардтаған қаржыға қатысты мәселе қызу пікірталасқа ұласып, жауапты органдар жұмысына қатысты жаңа сауалдар туғызды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →