Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада Республика күніне орай «Тарихи сәт» атты зиялы қауым кездесуі өтті • Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті • Қазақстанның көк байрағы Уолл-стритте желбіреді (ВИДЕО) • Иллюзияға сенген астаналықтар 413 млн теңгесінен айырылды • Әлемге әйгілі жапон жазушысы Рю Мураками 74 жасында өмірден өтті • Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) • Астанада Республика күніне орай «Тарихи сәт» атты зиялы қауым кездесуі өтті • Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті • Қазақстанның көк байрағы Уолл-стритте желбіреді (ВИДЕО) • Иллюзияға сенген астаналықтар 413 млн теңгесінен айырылды • Әлемге әйгілі жапон жазушысы Рю Мураками 74 жасында өмірден өтті • Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) •

    Құрылысқа бөлінген 6 млрд теңгені ұрлаған: Черногория қашқан түрік азаматы Қазақстанға экстрадицияланды

    Құрылысқа бөлінген 6 млрд теңгені ұрлаған: Черногория қашқан түрік азаматы Қазақстанға экстрадицияланды

    Фото: Видеодан скрин

    Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері аса ірі көлемде ақша ұрлаған үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Черногориядан түрік азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды QazaqToday.info.

    Тергеу барысында аталған жеке тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2022-2024 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасап және үлестес ұйымдар арқылы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына арналған 6 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды.

    «Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың наурыз айында ол Черногорияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

    Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →