Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Шымкентте 31 жастағы әйел үшем босанып, 7 баланың анасы атанды

    Шымкентте 31 жастағы әйел үшем босанып, 7 баланың анасы атанды

    Фото: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы

    Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентханасында үшем дүниеге келді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1995 жылы туған Гүлбағира Өтемісқызы жүктіліктің 31-аптасында дәрігерлердің көмегімен үшемді аман-есен өмірге әкелді.

    Мерзімінен бұрын туған сәбилер алғашқы үш тәулік бойы жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды.

    Қыз балаға Айым, ал ұл балаларға Нұрасыл, Бекасыл деген есім қойылды.

    – Нәрестелерге тыныс алу қолдауы көрсетіліп, өмірлік маңызды көрсеткіштері тәулік бойы қадағаланды. Кейін олардың жағдайы тұрақталған соң, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылып, ем-дом мен арнайы күтім жалғасты, — делінген хабарламада.

    6 қаңтар күні дүниеге келген үшемдер салмақ қосып, әрқайсысы 2 300 грамға дейін жеткен.

    Дәрігерлер үшемдердің дамуы тұрақты екенін атап өтті. Қазіргі уақытта анасы мен нәрестелердің жағдайы қалыпты. Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде сәбилер өмірге сәтті бейімделіп келеді.

    Айта кетейік, үшемдерді үйінде төрт бауыры асыға күтіп отыр. Анасы декреттік демалыста болса, әкесі құрылыс саласында еңбек етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →