Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    Депутат: Егемендік пен Тәуелсіздік – жаңа Конституцияның басты қағидаттары

    Депутат: Егемендік пен Тәуелсіздік – жаңа Конституцияның басты қағидаттары

    Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің құқықтық қаңқасы екенін айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оның айтуынша, Қазақстанның жаңа Конституция жобасында тарихи сабақтастық ұстанымы алдыңғы қатарда қарастырылған.

    «Бұл – мемлекеттің мыңжылдық даму тарихын, ұлттық мәдени кодын және басқару тәжірибесін құқықтық негізде айқындайтын нақты норма. Осы тұрғыдан «Ұлы дала» ұғымының Конституцияда көрініс табуы – тарихи сабақтастықты құқықтық деңгейде бекітудің нақты дәлелі. «Ұлы дала» ұғымы – эмоциялық немесе поэтикалық тіркес емес. Бұл – Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи кеңістігі, мәдени коды және жауапкершілік философиясын бейнелейтін нақты ұғым», – деді Еркін Әбіл.

    Мәжіліс депутаты Қытай, Венгрия, Польша, Литва секілді елдердің Конституцияларында тарихи сабақтастық ұлттық егемендіктің негізі ретінде нақтыланғанын баса айтты.

    «Бұл елдер оны қандай да бір қауіп төндіреді деп қабылдады деймісіздер? Жоқ. Ол ешқандай артықшылық та, бөлінушілік те тудырмайды. Керісінше, мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығын нығайта түседі. Қазақстан үшін де бұл – қисынды әрі әділетті қадам. Маңыздысы – бұл норма ешкімді бөліп-жармайды, керісінше, ортақ тарих пен құндылықтар төңірегінде қоғамды біріктіреді. Егемендік пен Тәуелсіздік – жаңа Конституцияның басты қағидаттары», – деп атап өтті ол.

    Еркін Әбілдің сөзінше, Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің құқықтық қаңқасы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →