Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Тоқаевты Пәкістанда зор қошеметпен күтіп алды: Зеңбіректен 21 рет оқ атылды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Пәкістанға барды. Оны Президент пен Премьер-министр қарсы алып, 21 рет оқ атылды.

    Тоқаевты Пәкістанда зор қошеметпен күтіп алды: Зеңбіректен 21 рет оқ атылды
    file_366.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Пәкістан Ислам Республикасына келді. Исламабад әуежайында оны Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифтің өзі күтіп алды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, Қазақстан Президентіне ерекше құрмет көрсетілді. Салтанатты шара барысында зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды.

    Сонымен қатар, әуежайда Қазақстан мен Пәкістанның мемлекеттік туларын ұстаған балалар жиналып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ыстық ықыластарын білдірді.

    Президент сапарының негізгі бөлігі ертеңге жоспарланған. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланбақ.

    Фото: Ақорда

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →