Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    FIFA президенті Ресей командаларына енгізілген шектеуді алып тастауға шақырды

    FIFA президенті Ресей командаларына енгізілген шектеуді алып тастауға шақырды

    © Ton Molina/ Getty Images

    Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантино Ресей командаларын халықаралық турнирлерден шеттету мәселесін қайта қарау қажет екенін айтты. Бұл туралы ол Sky News арнасына берген сұхбатында мәлімдеген. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы DW агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    «Біз бұл мәселені қарауымыз керек. Себебі бұл тыйым ешқандай нәтиже бермеді, керісінше өшпенділіктің одан әрі күшеюіне әкелді», – деді Инфантино.

    FIFA президенті Ресейдегі қыздар мен ұлдарға Еуропаның басқа бөлігінде футбол ойнауына мүмкіндік берген дұрыс деп санайды. Джанни Инфантино Израильді де турнирлерге қатысудан шеттетуге қарсы. Оның сөзінше, ұйым ережелерді қайта қарауы тиіс.

    Федерация басшысының пікірінше, ешбір елді оның саяси көшбасшыларының ұстанымы үшін футбол ойнау құқығынан айырмау қажет. Бұл талапты жарғыда бекіту ұсынылды.

    Ресей 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кіргеннен кейін FIFA мен Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) барлық жарыстарынан тыс қалған болатын. The Times басылымының жазуынша, FIFA кеңесі Ресей командаларын жарыстарға қайта жіберу мәселесін дауысқа салуды жоспарлап отырған жоқ.

    Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига FIFA президентінің мәлімдемесін сынға алды.

    «Болашақ ұрпақ мұны 1936 жылғы Олимпиада ойынындай масқара жағдай деп бағалайтын болады», – деді Андрей Сибига.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →