Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    «Атамекен» экс-төрағасы Баталов Тоқаевқа кеңесші болып Ақордаға келді

    Белгілі кәсіпкер Райымбек Баталов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін «Атамекен» палатасының төралқасын басқарған.

    «Атамекен» экс-төрағасы Баталов Тоқаевқа кеңесші болып Ақордаға келді
    file_363.jpg

    Белгілі кәсіпкер Райымбек Баталов Президенттің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

    Райымбек Баталов – Қазақстандағы ірі бизнес өкілдерінің бірі, Raimbek Group холдингінің негізін қалаушы. Ол бұған дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы қызметін атқарған болатын.

    Жаңа қызметінде ол кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге қатысты Президентке тікелей ұсыныстар беретін болады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →