Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Шымкентте лифт 12-қабаттан құлады: Әйелдің аяғы сынып, омыртқасы зақымданды

    Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде лифт 12-қабаттан құлап, ішінде болған әйел ауыр жарақат алды. Оның аяғы сынып, омыртқасы зақымданған.

    Шымкентте лифт 12-қабаттан құлады: Әйелдің аяғы сынып, омыртқасы зақымданды
    file_338.jpg

    Шымкенттегі Қонаев даңғылында орналасқан тұрғын үй кешенінде ішінде әйел адам болған лифт 12-қабаттан төмен құлаған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 16 қабатты үйде болған. Лифт белгісіз себептермен кенет төмен қарай қозғалған.

    «16 қабатты тұрғын үй кешенінде 12-қабатта тұрған лифт белгісіз себептермен кенет төмен қарай қозғала бастады. Қауіпсіздік жүйесінің іске қосылуы нәтижесінде жеделсаты 7-қабаттың тұсында тоқтады», — деп хабарлады ведомство.

    Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар зардап шеккен әйелді лифтіден шығарып алып, ауруханаға жеткізді. Оның табан сүйектері сынып, омыртқасы зақымданғаны анықталды. Дәрігерлер зардап шегушінің жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

    Полиция бұл дерек бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу шараларын жүргізіп жатқанын хабарлады.

    «Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады», — деп түсініктеме берді Шымкент полициясы.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →