Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    Тоқаев: Комиссия байлам жасады – елге жаңа Конституция қабылдау керек

    Мемлекет басшысы Ата заңға енгізілетін түзетулердің ауқымына байланысты Қазақстан шын мәнінде жаңа Конституция қабылдайтынын мәлімдеді.

    Тоқаев: Комиссия байлам жасады – елге жаңа Конституция қабылдау керек
    file_320.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға енгізілетін түзетулердің ауқымы өте кең болғандықтан, бұл шын мәнінде жаңа Конституция қабылдаумен тең екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Президенттің айтуынша, арнайы комиссия мүшелері пікірталас кезінде «Ата заңға енгізілетін өзгерістер ауқымына қарасақ, жаңа Конституция қабылдауымыз керек» деген ортақ байламға келген.

    «Шын мәнінде, ұсынылған түзетулер жобасы елді институционалдық-құқықтық тұрғыда жаңғыртумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге бұл қадам тұтас мемлекеттік жүйені қайта түзуге жол ашады. Түбірімен өзгерген мүлдем жаңа құжаттың бейнесі қалыптасты», — деді Тоқаев.

    Мемлекет басшысы жаңартылған құжатта жарқын болашаққа бет алған Қазақстанның жаңа идеалдары, қағидаттары мен басымдықтары көрініс табатынын атап өтті.

    Сонымен қатар ол қолданыстағы Ата заңның да ел дамуындағы рөлін жоққа шығармайтынын жеткізді.

    «Әрине, қолданыстағы Ата Заң Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына елеулі үлес қосты. Мұны ешкім жоққа шығармайды. Сондықтан былтырғы 30 тамызда Конституцияның 30 жылдығын кеңінен атап өттік», — деп толықтырды Президент.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →