Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    «Айына 1,2 млн теңге аламын»: Энергетика министрі жылдық табысын жариялады

    Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өткен жылы 20 миллион теңгеден астам табыс тапқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, айлық жалақысы 1,2 млн теңгені құрайды.

    «Айына 1,2 млн теңге аламын»: Энергетика министрі жылдық табысын жариялады
    file_303.jpg

    Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өткен жылы 20 миллион теңгеден сәл астам табыс тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Министрдің айтуынша, бұл сома тек жалақы мен сыйақыдан құралған. Ол құжаттамада басқа ешқандай кіріс көзін көрсетпегенін атап өтті.

    «Егер тек жалақының өзін алатын болсақ, айына шамамен 1 миллион 200 мың теңгені құрайды. Бізде сыйақы төлемдері де бар, оны да көрсеттім. Сонда жалпы жиыны 20 миллион теңгеден сәл асады», — деді Ерлан Ақкенженов.

    Бұған дейін Қазақстанның басқа да жоғары лауазымды шенеуніктері мен олардың жұбайлары өткен жылғы табыстары туралы декларацияларын жариялаған болатын.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →