Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Елдос Колобоктың ұлы Әлем 1 жасқа толды

    Танымал блогер Елдос Колобоктың ұлы Әлем бір жасқа толды. Әкесі әлеуметтік желіде ұлына арнап әсерлі жазба жариялады.

    Елдос Колобоктың ұлы Әлем 1 жасқа толды

    Фото: видеодан скриншот

    Танымал отандық блогер Елдос Кәдірханов (Елдос Колобок) пен жұбайы Таңшолпанның көптен күткен тұңғышы Әлем бір жасқа толды. Қуанышты жаңалықты ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, ұлына арнап әсерлі жазба қалдырды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Әлем Елдосұлы 1 жаста! Туған күніңмен, құлыным, өмірім, қызығым, бұзығым. Сен өмірімізді өзгерттің, сен бізді өзгерттің. Сен бізге әке-ана деген атақ бердің, ол статустың салмағы мен жауапкершілігі қандай екенін сездірдің. Біз сені шексіз жақсы көреміз. Алғашқы туған күнің құтты болсын, сенің 50 жас тойыңда «жаным балам» деп Танчо екеуміз ән айтып тұрайық. Осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір. Тіл-көзден аман болсын деп тілек жаудырып қойыңыздар, біздің тілекші болған оқырман», — деп жазды Елдос Колобок.

    Желі қолданушылары кішкентай Әлемнің алғашқы туған күнімен жарыса құттықтап, жұлдызды жұптың отбасына амандық пен бақыт тілеп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →