Семейдегі Жоламан кентін су басты: тұрғындар көшенің орнына көл кешіп жүр
Фото: Бейнежазбадан
Абай облысы, Семей қаласына қарасты Жоламан кентінде жаңбыр жауса, көшелер лай-батпаққа айналып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындайды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Жергілікті халықтың айтуынша, әр жауын-шашыннан кейін көшелерді су басып, жолмен жүру мұңға айналған. Әсіресе мектеп оқушылары қиын жағдайда: балалар сабаққа жеткенше балшыққа батып, мектепке су болған аяқ киіммен баруға мәжбүр. Алайда шеткері аумақтағы жолдың жағдайы мен абаттандыру мәселесі әлі де шешімін таппай отыр.
Тұрғындар әкімдіктің назарынан тыс қалғандай күй кешіп, көшелерді ретке келтіруді және асфальт төсеу мәселесін шешуді талап етеді.
Семей қаласының әкімдігі Жоламан тұрғындарыны
