Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды

    «Қызыңыз бұзылған»: Шымкентте 16 жастағы қызды алып қашқандар жазасыз жүр

    Шымкентте үш жыл бұрын 16 жастағы қызын алып қашқан жігіт жазасыз қалды деп отбасы шағымданды. Прокуратура істі қылмыс құрамы жоқ деп жапқан.

    «Қызыңыз бұзылған»: Шымкентте 16 жастағы қызды алып қашқандар жазасыз жүр
    file_276.jpg

    Шымкентте 16 жастағы қызын алып қашып, зорлық көрсеткен жігіттің жазасыз қалғанына наразы болған отбасы тағы да дабыл қақты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жәбірленуші тараптың айтуынша, оқиға осыдан үш жыл бұрын болған. Кәмелетке толмаған қызды 20 жастағы жігіт күштеп алып қашып, жалдамалы пәтерде зорлық көрсеткен. Артынша оны өз үйіне апарып, келін болуға мәжбүрлемек болған.

    Қызын қайтарып алуға барған әкесіне күдіктінің жақындары қарсылық танытып, күш көрсеткен. Олар жәбірленушінің өзін кінәлап, түрлі сөздер айтқан.

    «Қызыңыз өзі қалғысы келеді. Жігітті неге соттатасыз? Қызыңызды үйге әкелсеңіз не істейсіз, ол бұзылған, енді ешкім алмайды. Оны 20 жылға соттап, кастрация жасаса, обал емес пе?», – деп айтты», — дейді жәбірленушінің әкесі.

    Сол жылы полиция бұл істі жауып тастаған. Ал қыз күдіктінің үйінде үш ай бойы тұруға мәжбүр болған. Осы уақыт аралығында жігіт оның оқуын жалғастыруына рұқсат бермей, шәкіртақысын тартып алып отырған. Кейіннен күн сайын ұрып-соғуды әдетке айналдырған. Ақыры қыз үш айдан соң үйден қашып шыққан.

    Шымкент қаласының прокуратурасы бұл істің қылмыс құрамының толық болмауына байланысты тоқтатылғанын ресми мәлімдеді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →