Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Шымкенттегі балабақшада дау туды: Тәрбиеші балаларды шприцпен қорқытып, қол көтерген

    Шымкенттегі мемлекеттік балабақшада тәрбиеші балаларды шприцпен қорқытып, қол көтерген. Білім басқармасы оқиғаға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

    Шымкенттегі балабақшада дау туды: Тәрбиеші балаларды шприцпен қорқытып, қол көтерген
    file_273.jpg

    Шымкенттегі мемлекеттік балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларды шприцпен қорқытып, қол жұмсағаны туралы ақпарат қоғамда үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Оқиға қаланың Тұран ауданында орналасқан №59 «Айша» мемлекеттік бөбекжай-балабақшасында болған. Тәрбиешінің заңсыз әрекетінен кейін ата-аналар шағымданып, іске қалалық білім басқармасы мен құқық қорғау органдары араласқан.

    Ресми мәлімет бойынша, балаларға қатысты психологиялық және физикалық қысым көрсеткен тәрбиешіге қатысты тергеу амалдары басталды.

    «Балабақшаның „Бәйтерек“ мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Р.М.-ның балаларға психологиялық және физикалық қысым көрсеткені, атап айтқанда шприцпен қорқытып, қол көтергені туралы мәлімет келіп түсті. Осыған байланысты құқық қорғау органдары, салалық басқармалар, ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің қатысуымен шұғыл жиналыс өтті. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес құқықтық баға беріледі», — деді Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Күлзина Уәлиханова.

    Басқарма өкілі тергеу аяқталған соң істің барлық мән-жайы анықталып, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →