Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Данияр Әшімбаев: Билік алдымен бедел жинасын, сосын абыройын қорғасын

    Саясаттанушы Данияр Әшімбаев азаматтардың абыройын қорғау идеясын сынады. Оның ойынша, бұл норма билік пен бизнеске ғана тиімді.

    Данияр Әшімбаев: Билік алдымен бедел жинасын, сосын абыройын қорғасын

    Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев азаматтардың ар-намысы мен абыройын конституциялық тұрғыда қорғау туралы идеяға қатысты өз пікірін білдірді. Ол бұл бастамаға күмәнмен қарайтынын жасырмады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Сарапшының айтуынша, бұл норма іс жүзінде барлық азаматты емес, ең алдымен мемлекеттік аппаратты, ірі бизнесті және соларға жақын топтарды қорғауға бағытталған. Ол мұндай қатынастарды реттейтін нормалар қылмыстық заңнамада бұрыннан бар екенін еске салды.

    «Біздің қоғамда «ар-намыс» пен сыннан тыс қалу иммунитеті лауазыммен бірге беріледі деген түсінік қалыптасқан. Ал бағаны тек басшылық бере алады, оның өзінде «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгімен ғана», – деп атап өтті Әшімбаев.

    Осыған байланысты саясаттанушы билікке алдымен халықтың сеніміне ие болуға кеңес берді.

    «Қазіргі аппарат алдымен халықтың алдында беделін арттырып, құрметіне ие болып алса, жөн болар еді. Содан кейін ғана өз абыройын қорғау туралы мәселені көтергені дұрыс», – деді ол.

    Сонымен қатар, Данияр Әшімбаев конституциялық комиссия мүшелерінің «қызыл сызықтар» туралы ұсыныстарымен толық келісетінін жеткізді.

    «Геосаяси шиеленіс жағдайында қазақстандық қоғам ішінде жанжал тудыруға бағытталған жағымсыз белсенділікті байқап отырмыз. Бұл әрекеттердің басым бөлігі сырттан ұйымдастырылып, ұлттық, діни және тілдік араздықты, тіпті мемлекетаралық дұшпандықты қоздыруды көздейді», – деп түйіндеді сарапшы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →