Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды •

    ЕАЭО-да ірі дау: Қырғызстан Ресейді мигранттар үшін сотқа сүйреді

    Ресми Бішкек Мәскеуді еңбек мигранттарының құқығын бұзды деп айыптап, ЕАЭО сотына шағымданды. Сот шешімі екі аптада белгілі болады.

    ЕАЭО-да ірі дау: Қырғызстан Ресейді мигранттар үшін сотқа сүйреді
    file_272.jpg

    Қырғызстан Ресей үстінен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) сотына шағым түсірді. Ресми Бішкек Мәскеуді еңбек мигранттарының құқығын сақтамады деп айыптап отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы Жогорку Кеңештің бейінді комитетінің отырысында мәлім болды. Даудың негізгі себебі – Ресей аумағында жұмыс істейтін қырғызстандық мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің міндетті медициналық сақтандыру полисіне және тиісті медициналық көмекке қол жеткізе алмауы.

    Қырғызстанның Міндетті медициналық сақтандыру қорының басшысы Азамат Мұқановтың айтуынша, азаматтарды медициналық көмекпен қамту міндеттемесі ЕАЭО-ға мүше елдер арасындағы келісімдерде нақты бекітілген. Алайда Ресей тарапы бұл шартты орындамай отыр.

    Сот отырысы өтіп, тараптардың уәждері тыңдалған. ЕАЭО сотының бұл іс бойынша түпкілікті шешімі алдағы екі аптаның ішінде шығады деп күтілуде.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →