Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды •

    БҚО-да 4 әкім орынбасарына айыппұл салынды

    БҚО-да 4 әкім орынбасарына айыппұл салынды

    Фото: gov.kz

    Батыс Қазақстан облысында 2025 жылы ғарыштық мониторинг деректері бойынша 183 заңсыз қоқыс орны анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    БҚО бойынша Экология департаментінің басшысы Мұрат Ермекқалиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның ішінде 90-ы Бәйтерек, 35-і Бөрлі, 27-сі Теректі ауданы және 31-і Орал қаласының үлесіне тиеді.

    Оның сөзіне қарағанда, заңсыз қоқыстың 154-і немесе 85 пайызы жойылған.

    — Облыстың табиғат қорғау прокурорының ұсынуы бойынша заңсыз қоқыс орындарын уақытылы жоймағаны үшін Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандары және Орал қаласы әкімінің орынбасарлары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 344-бабы 3-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысы қысқартылған тәртіппен 50 АЕК көлемінде (196,6 мың теңге) айыппұл төледі, — деді М.Ермекқалиев.

    Оның айтуынша, аудан әкімдері заңсыз қоқыс орындарын уақытылы жоймаудағы негізгі себеп ретінде қаржыландырудың жеткіліксіз екендігін алға тартады.

    — Тағы бір ерекше алаңдаушылық тудыратын мәселе – Чапаев, Казталов және Жалпақтал ауылдарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу жобалары көп жылдан бері жүзеге асырылмай келеді. Бұлардың техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Жалпы құны 1 млрд теңгеден аспайды. Соған қарамастан іске асырылмай отыр. Салдарынан соңғы жеті жылда облыс аумағында бірде-бір жаңа ҚТҚ полигоны пайдалануға берілмеген, — деп қосты М.Ермекқалиев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →