Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Желіні шулатқан видео: Жетісуда баласын ұрған ана екі айға қамауға алынды

    Жетісу облысында өз баласын соққыға жыққан видеосы тараған әйел екі айға қамауға алынды. Күдікті жеті жылға дейін сотталуы мүмкін.

    Желіні шулатқан видео: Жетісуда баласын ұрған ана екі айға қамауға алынды
    file_254.jpg

    Жетісу облысында өз сәбиін соққыға жыққан күдікті әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 18 қаңтарда әлеуметтік желілерде сәбиге зорлық-зомбылық көрсетілген видео тарап, қоғамның ашу-ызасын тудырған еді. Полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде күдікті ананың жеке басын анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады.

    Тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кезде әйелдің екі баласы да отбасын қолдау орталығына орналастырылды. 27 қаңтарда сот күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берді.

    Қазіргі таңда әйелге қатысты кәмелетке толмаған баланы азаптау бабы бойынша іс қозғалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →