Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Үндістан қазақстандықтарға 30 күнге дейін тегін виза береді

    Үндістан қазақстандықтарға 30 күнге дейін тегін виза береді

    Фото: gov.kz

    Астанада Үндістан Республикасының 77 жылдығына арналған ресми қабылдау өтті. Іс-шара барысында Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ю.К. Сайлас Тангаль екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтіп, қазақстандықтарға қатысты маңызды шешімді жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Елшінің айтуынша, Үндістан Үкіметі Қазақстан азаматтарына туристік және медициналық мақсаттармен, сондай-ақ ілесіп жүретін тұлғалар үшін 30 күнге дейінгі мерзімге тегін виза беру туралы шешім қабылдаған.

    «Екіжақты туризмді ынталандыру мақсатында Үндістан Үкіметі Қазақстан азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімге тегін виза беру туралы шешім қабылдады», – деді дипломат.

    Оның сөзінше, визаны онлайн форматта да, сондай-ақ Үндістан елшілігі арқылы тікелей рәсімдеуге болады.

    Сонымен қатар елші туристік алмасудың артып келе жатқанын атап өтті. Үнді тараптың бағалауынша, 2025 жылы Қазақстанға келген үнді туристерінің саны шамамен 250 мың адамға жеткен.

    Сөз барысында Ю.К. Сайлас Тангаль Үндістанның бүгінде әлемдегі төртінші ең ірі әрі ең жылдам дамып келе жатқан экономикалардың бірі екенін айтты. Ел IT, жасанды интеллект, финтех, фармацевтика және цифрлық инфрақұрылым салаларында тұрақты өсім көрсетіп отыр.

    Бұдан бөлек, елші Үндістан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, екі мемлекет ШЫҰ, БРИКС, АӨСШК, БҰҰ және «Үндістан – Орталық Азия» диалогы аясында тығыз ынтымақтастық орнатқан.

    Сондай-ақ екіжақты сауда көлемі шамамен 1 млрд АҚШ долларын құрайтыны айтылып, бұл көрсеткіштің әлеуеті әлдеқайда жоғары екені атап өтілді.

    Іс-шара соңында Үндістан елшісі барша қонақты Республика күнімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →