Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 442,4↓€ 497,8↓₽ 5,31↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды •

    ШҚО-ның субсидия алған фермерлер мемлекетті алдаған

    ШҚО-ның субсидия алған фермерлер мемлекетті алдаған

    Фото: pixabay.com

    Шығыс Қазақстан облысының сегіз ауданында мемлекеттен субсидия алған бірқатар шаруагерлер мал басын сақтау жөніндегі міндеттемелерін орындамаған, деп хабарлайды Qazaqtoday порталы.

    Бұл мәселе облыста ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жиында көтерілді. Жиын барысында ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Ауыл шаруашылығы басқармасына жүргізген тексеріс нәтижелері жария етілді.

    «ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Ауыл шаруашылығы басқармасына мемлекеттік аудит жүргізді. Соның нәтижесі бойынша басқарма 74 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 1 284 бас ірі қара малға субсидия бергені, алайда олар мал басын сақтау міндеттемелерін орындамағаны анықталды», — деді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жаннат Көшерова.

    Анықталған заңбұзушылықтар Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Күршім, Самар, Үлкен Нарын, Шемонаиха және Марқакөл аудандарында тіркелген. Осыған байланысты бақылау тетіктерін күшейту қажеттігі атап өтіліп, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері субсидияланған мал басының сақталуын қамтамасыз ету үшін тоқсан сайын тұрақты мониторинг жүргізуі тиіс екені айтылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →