Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «Адасып жүрсіз»: Тұрсынбектің тоқалы әзілкешпен түскен суретін жариялады

    «Адасып жүрсіз»: Тұрсынбектің тоқалы әзілкешпен түскен суретін жариялады
    Фото: коллаж Sn.kz

    Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде күйеуімен бірге түскен суретін жариялады. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.

    Көпшіліктің көптен күткен фотосын Айман Талғатқызы жеке парақшасына салып, ойлы жазбасымен бөлісті.

    «Психикасы тұрақты, өмірде не қалайтынын анық білетін адамдар өздері туралы өзгелердің не ойлайтынына алаңдамайды», – деп жазды ол.

    Желі қолданушылары шоуменнің жарына жылы пікірлерін жаудырды.

    «Өте әдемі», «Шынайы ғашықтық көрініп тұр», «Не болса да, бақытты болыңыздар, бәрін Алла біледі», «Бақыт тілейміз» деген секілді пікірлер қалдырған.

    Дегенмен сын айтқандар да табылды. Кейбір желі қолданушылары бұрынғы жарына қатысты пікір білдіріп, шоуменнің жасына қатысты ойларын жазған.

    Бұл пікірлерге Айман Талғатқызы да жауап қатты.

    «Адасып жүрсіз. Ұнайтын жаққа өтіңіз», – деп қысқа ғана жауап берді ол сын айтқан қолданушылардың біріне.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →