Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    «Бұл гипноз емес»: Полиция қазақстандықтардың алаяқтарға қалай алданатынын айтты

    Алматы полициясының өкілі азаматтардың алаяқтармен сөйлескенде өз-өзін бақылаудан айырылуының себебі гипноз емес, психологиялық қысым екенін мәлімдеді.

    «Бұл гипноз емес»: Полиция қазақстандықтардың алаяқтарға қалай алданатынын айтты
    file_205.jpg

    Қазақстандықтар телефон алаяқтарымен сөйлескенде гипноздың әсерінен емес, қатты психологиялық қысымның салдарынан өз-өзін бақылай алмай қалады. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Оның айтуынша, алаяқтар алдын ала дайындалған сценарий бойынша жұмыс істейді. Олар адамды асықтырып, ақшасынан айырылып қалатындай қорқыныш сезімін тудырады. Тіпті олардың байланыс орталықтарында штаттық психологтардың болуы да мүмкін.

    «Алаяқтар жәбірленушіге уақыттың тығыз екенін және оның қаражатына қауіп төніп тұрғанын айтып сендіреді. Сонымен қатар «арнайы операция» жүріп жатқанын алға тартып, қылмыстық жауапкершілікпен қорқытады. Осындай қысымнан кейін адамдар апталап полицияға хабарласпай жүре береді», — деп түсіндірді полиция өкілі.

    Маманның сөзінше, арыз неғұрлым кеш түссе, ұрланған ақшаны қайтару мүмкіндігі соғұрлым төмендейді.

    2023 жылы алматылықтар алаяқтарға 2,5 млрд теңге аударған, оның шамамен 700 млн теңгесі ғана иелеріне қайтарылды. Ал биылдың өзінде 150-ден 200-ге жуық адам алаяқтардың құрбаны болған.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →