Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    ШҚО-дағы кәсіпкер 1 млрд теңге жымқырған: Ақшаға не сатып алғаны белгілі болды

    ШҚО-да ЖШС басшысы кен орнын заңсыз иемденіп, 70 мың тонна өнімді Қытайға сатқан. 1 млрд теңге заңсыз табыс тапқан кәсіпкердің мүлкі бұғатталды.

    ШҚО-дағы кәсіпкер 1 млрд теңге жымқырған: Ақшаға не сатып алғаны белгілі болды
    file_195.jpg

    Шығыс Қазақстан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланып, 1 миллиард теңгеден астам табыс тапқан ЖШС басшысына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Тергеу мәліметінше, Шемонаиха ауданындағы «Глинковское» кен орнында заңсыз темір рудасы өндірілген. Кәсіпорын басшысының қолында тек геологиялық барлау жұмыстарына арналған лицензиясы болған. Алайда ол бұл құжатты жамылып, кенді заңсыз өндіріп, өңдеген және оны ел ішінде, тіпті Қытайға да сатып келген.

    Заңсыз өндірілген өнімнің жалпы көлемі 70 мың тоннадан асқан. Күдікті бұл әрекетінен 1 миллиард теңгеден астам пайда көрген. Ол бұл ақшаға Алматы қаласынан бизнес-орталық, пәтер, екі жер телімі, көлік тұрақтарын және Land Rover көлігін сатып алған.

    Қазіргі таңда сот санкциясымен кәсіпкердің барлық мүлкіне тыйым салынды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →