Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді: «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысын өткізеді • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді: «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысын өткізеді • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады •

    Kaspi QR, Halyk QR дәуірі бітеді: Енді барлық төлемге бір ғана QR болады

    2026 жылдан бастап Қазақстанда бизнес үшін жаңа төлем ережесі енгізіледі. Енді кәсіпкерлер бір ғана терминал мен бірыңғай QR-код қолданады.

    Kaspi QR, Halyk QR дәуірі бітеді: Енді барлық төлемге бір ғана QR болады

    2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы кәсіпкерлер тауар мен қызмет ақысын бір ғана терминал және бірыңғай QR-код арқылы қабылдауға міндеттеледі, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл жаңашылдық әр банктің жеке QR-коды мен терминалын қолдану тәжірибесін тоқтатады. Енді клиент қай банктің мобильді қосымшасын пайдаланса да, сатушының бірыңғай QR-кодын сканерлеп, төлем жасай алады. Ол үшін барлық банктер ортақ банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылуы тиіс.

    Алайда бұл талаптың кейбір ерекшеліктері бар. Үкімет POS-терминал орнатуға міндетті қызмет түрлерінің тізімін арнайы бекітеді. Сондай-ақ, байланыс желісі жоқ елді мекендерде жұмыс істейтін кәсіпкерлер бұл ережеден босатылады.

    Қазіргі таңда бұл жүйе пилоттық режимде іске қосылған. Оған еліміздегі 23 банктің тек алтауы ғана қосылып үлгерген. Жаңа талап 2026 жылдың екінші жартысынан бастап барлық кәсіпкер үшін толықтай күшіне енеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →