Басты бет » Астанада полицейді арқасынан атқан күдіктіге ең ауыр баптың бірі тағылды

Астанада полицейді арқасынан атқан күдіктіге ең ауыр баптың бірі тағылды

file_191.jpg

Астанада полиция қызметкерін жарақаттаған күдіктіге қатысты «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалып, қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Оқиға 14 қаңтарда елорданың орталық аудандарының бірінде болған. Қызметтен тыс уақытта жүрген полиция қызметкері қарулы ер адамды байқап, оны жалғыз өзі тоқтатпақ болған. Алайда күдікті оның арқасынан оқ атқан.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ер адам сот санкциясымен қамауға алынды. Одан қару тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Ауыр жарақат алған тәртіп сақшысы ауруханада ем алып жатыр. Алғашқы күндері ол жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика