Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Гренландияны беріңдер, әйтпесе…»: Трамп Давоста Еуропаға қатаң шарт қойды

    АҚШ президенті Дональд Трамп Давос форумында Еуропа елдерінен Гренландияны беруді талап етіп, қарсы болса 10% тариф енгізетінін айтты.

    «Гренландияны беріңдер, әйтпесе…»: Трамп Давоста Еуропаға қатаң шарт қойды
    file_181.jpg

    АҚШ президенті Дональд Трамп Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысып, Еуропа елдерінің басшыларымен Гренландияны бақылауға алу ниетін талқыламақ, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ақ үй басшысының Данияға тиесілі аумақты Америка Құрама Штаттарының бір бөлігі ету туралы ұмтылысы Вашингтон мен Еуропа астаналары арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіріп жіберді. Еуропаның ірі елдері Гренландияның тағдырын тек оның тұрғындары мен Дания Корольдігі ғана шеше алатынын мәлімдеп отыр.

    Өз кезегінде Дональд Трамп егер еуропалықтар оның Гренландияға қатысты жоспарына қарсылық білдірсе, АҚШ-қа экспортталатын тауарларға 10% көлемінде тариф енгізетінін айтып, сес көрсетті.

    «Президент өз сөзінде Венесуэла, Гренландия және АҚШ экономикасының жағдайы сияқты тақырыптарды қозғайды», — деді Ақ үйдің жоғары лауазымды шенеунігі журналистерге.

    Бұған дейін Трамп Давоста Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, қауіпсіздік пен Украинаны экономикалық қалпына келтіру туралы келісімге қол қояды деп болжанған. Алайда, Зеленский Давосқа бармай қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

    Фото: REUTERS

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →