Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Допинг дауы: Жәнібектің менеджері мәлімдеме жасады: «Ол ештеңе қабылдаған жоқ»

    Допинг дауына іліккен боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан мәлімдеме жасап, спортшының ешқандай тыйым салынған зат қабылдамағанын айтты.

    Допинг дауы: Жәнібектің менеджері мәлімдеме жасады: «Ол ештеңе қабылдаған жоқ»
    file_179.jpg

    Допинг дауына іліккен қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан соңғы оқиғаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Спортшының «B» сынамасы да оң нәтиже көрсеткен соң, ол тергеу аяқталғанша жекпе-жектерден уақытша шеттетілді. Осыған байланысты менеджері әлеуметтік желіде жазба жариялап, жағдайды түсіндірді.

    «Жәнібек таза. Ол ешқандай тыйым салынған затты қабылдаған жоқ. Қазір допинг мәселесімен мамандар – промоутер, менеджер және заңгерлер айналысып жатыр. Біз тек күтуден басқа ештеңе істей алмаймыз. Шеттету мерзімін барынша азайту үшін жұмыс жүріп жатыр. «B» сынамасынан да сол зат табылды. Өкінішті, әрине, бірақ басқаша нәтиже болуы екіталай еді. Қазір оның ағзаға қалай түскені зерттеліп жатыр. Келесі қадам қандай болатынын көреміз», — деді Берік Сұлтан.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →