Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Ақтөбе тұрғыны бір хабарламаның кесірінен сотталып кетті

    Ақтөбе тұрғыны бір хабарламаның кесірінен сотталып кетті

    Фото: Pixabay

    Ақтөбе қаласында 2025 жылы терроризм актілері туралы 20 көрінеу жалған хабарлама тіркеліп, барлық факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) аясында сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Прокуратураның мәліметінше, мұндай жалған ақпараттар жедел қызметтердің оқиға орнына шұғыл баруына себеп болып, олардың күнделікті жұмысына елеулі кедергі келтіреді. Ведомство өкілдері заңда көзделген қылмыстық жауапкершілікпен қатар, кінәлі тұлғалар келтірілген шығынды толық өтеуге міндетті екенін атап өтті.

    «Анонимді жалған хабарламалардың авторларын анықтау және ұстау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Соңғы төрт жыл ішінде облыс соттарында осы санат бойынша 5 адамға қатысты 5 қылмыстық іс қаралды. Сот тәжірибесі көрсеткендей, мұндай істерде көбіне бас бостандығынан айыру, сирек жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады», – делінген прокуратура ақпаратында.

    Мәселен, 2023 жылғы 16 сәуірде Агейкин ұялы телефоны арқылы 102 нөміріне қоңырау шалып, өзі тұратын үйге бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген. Бұған дейін сотты болмаған, асырауында кәмелетке толмаған баласы бар азаматтың бұл әрекеті эмоция мен алкогольдің әсерінен жасалған абайсыз «әзіл» болғанымен, соңы қылмыстық жауапкершілікке ұласқан.

    2023 жылдың 11 қыркүйегінде Ақтөбе қаласының №2 соты Агейкинге 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот шешімінде оның кінәсін толық мойындауы, шын жүректен өкінуі және қылмысты алғаш рет жасағаны ескерілген.

    Осыған байланысты Ақтөбе облысының прокуратурасы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау ауыр қылмыстық құқық бұзушылық саналатынын және мұндай әрекет жасына не уәжіне қарамастан қатаң жауапкершілікке әкелетінін тағы бір мәрте еске салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →