Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Халық күткен маңызды өзгерістер нақтыланды — депутат Ұлттық құрылтай туралы

    Халық күткен маңызды өзгерістер нақтыланды — депутат Ұлттық құрылтай туралы

    Фото: Никита Шаталовтың Information парақшасынан

    Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда Парламент пен жалпы саяси жүйедегі халық күткен маңызды өзгерістер нақтыланды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Никита Шаталов айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Мемлекет басшысы атап өткендей, бір палаталы Парламентке көшу туралы бастаманы халық қолдап отыр. Мұны халық арасында жүргізілген сауалнамалар және жұмыс тобының қорытындысы қуаттаған.

    — Президенттің бір палаталы Парламентке көшу туралы бастамасы саяси ауқымды реформалардың заңды жалғасы десек, артық айтқанымыз емес. Одан бөлек, елімізде вице-президент лауазымы пайда болмақ. Оған кеңауқымды міндеттер жүктелетіні белгілі болды. Атап айтқанда, вице-президент халықаралық форумдар мен келіссөздерге Қазақстанның атынан, ал Парламентте президенттің атынан қатысады. Қазақстан халқы ассамблеясы мен Халық кеңесін біріктіру — маңызды қадам. Бұл екі құрылым бір-бірін толықтырмайды. Бірақ бұлардың бірлігі азаматтық өкілдіктің шешім қабылдаудағы маңызын арттырады. Заң шығару процесі ашық әрі бәсекеге қабілетті бола түседі. Цифрландыру жүйесі мен инфрақұрылымы бағытындағы жұмыс қарқыны күшейсе, деректерді өңдеу орталығы жүйесінің өткізу қабілеті артып, цифрлы қызметтерді қолдану аясы кеңейеді. Бұл өз кезегінде еліміздің экономикасына да әсер етеді, — деді депутат.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →