Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Трамп Гренландиядан соң Канадаға көз тікті: Солтүстікке әскер кіргізе ме?

    АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландиядан кейін Канаданың солтүстік шекараларына назар аударды. Ол Ресей мен Қытай ықпалына алаңдаулы.

    Трамп Гренландиядан соң Канадаға көз тікті: Солтүстікке әскер кіргізе ме?

    АҚШ президенті Дональд Трамп Канаданың солтүстік шекараларына Ресей мен Қытайдың ықпалы артып бара жатқанына алаңдаулы. Ол Оттаваның қорғанысқа жеткілікті қаражат бөлмей отырғанын сынады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    NBC News дереккөздерінің хабарлауынша, бұл қадам – АҚШ-тың Арктикадағы ауқымды стратегиясының бір бөлігі. Бұған дейін Трамптың Гренландияны сатып алуға талпынғаны белгілі. Аты-жөнін атамаған америкалық шенеуніктердің бірі президенттің осы мәселеге баса назар аударып отырғанын растады.

    “Трамп АҚШ-тың Батыс жарты шардағы ықпалының әлсірегеніне шынымен алаңдайды. Сондықтан ол бұл мәселені бірінші орынға қойды”, – дейді ол.

    Дегенмен, Ақ үйдің ресми өкілдері Америка әскерін Канаданың солтүстігіне кіргізу туралы ешқандай жоспар жоғын мәлімдеді.

    Оның орнына екі ел Арктикадағы ынтымақтастықты күшейтуді талқылап жатыр. Келіссөздер барысында қауіпті ерте ескерту жүйелерін жаңарту, бірлескен әскери жаттығулар өткізу, сондай-ақ әуе және теңіз кеңістігін патрульдеуді жиілету мәселелері қарастырылуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →