Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «Байғұс күйеу әрең жымиып отыр»: Айнұр Тұрсынбаева күтпеген жазба жариялады (ВИДЕО)

    «Байғұс күйеу әрең жымиып отыр»: Айнұр Тұрсынбаева күтпеген жазба жариялады (ВИДЕО)

    Фото: instagram.com/aidyn_nury

    Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram парақшасында қоғамда қалыптасқан жалған жылтыр өмір мен әлеуметтік желідегі жасанды бақыт туралы ойын ортаға салды. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.

    Өнер иесі желіде көпшілік мінсіз көрінуге тырысатынын, ал шынайы өмірдің кадр сыртында қалып қоятынын атап өтті. Оның айтуынша, адамдар өз болмысын жасырып, ең «әдемі» көрінетін сәтті ғана көрсетуге әуес.

    «Бұл дүние жалған деп жатамыз… Ал жалғандықтың көкесі – инстаграмда. Өліп кетсек те шынайы түрімізді салмаймыз ғой. 100 селфи жасап, “бетім табақтай, безеуім көрініп қалды” деп ең әдемі, ең өтірік фотосын ғана жүктейміз», – деп жазды ақын.

    Сондай-ақ ол әлеуметтік желі үшін адамдардың өзіне де, жақындарына да ыңғайсыздық тудырып жататынын айтты.

    «Суретке түскісі келмейтін күйеуін қинап отырғызып, қинап күлдіріп, қинап құшақтасып фотоға түсетіндер бар. Байғұс күйеу әрең жымиып отырады», – дейді айтыскер.

    Ақын Instagram-дағы жарқыраған өмірге алданып қалмауға үндеп, әр суреттің артында мүлде басқа шындық жатуы мүмкін екенін ескертті.

    «Инстаграмдағы жарқ-жұрқ еткен өмірге қызықпаңыз. Күліп тұрған көздің астында мұң жатуы мүмкін. Қымбат көйлек пен қымбат көліктің астында қаптаған қарыз жатуы мүмкін», – деп түйіндеді ол.

    Желі қолданушылары бұл жазбаны шынайы әрі ой салатын пікір ретінде қабылдап, пікір қалдырып, ақынға қолдау білдіріп жатыр.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →