Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Жаркентте туған баласын аяусыз ұрған ана қамауға алынды

    Жаркентте туған баласын аяусыз ұрған ана қамауға алынды

    Бұл туралы Жетісу облыстық полициясы департаменті хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жаркент қаласында өз баласын байлауда ұстап, оны аяусыз ұрған, тепкілеген ана тергеу изоляторына түсті. Оның озбырлық әрекеті әлеуметтік желілер арқылы тез тарады.

    Жантүршігерлік видеоны журналист Жанар Нұртазина әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видеода әйел адам баланы батареяға байлап, тепкілеп, аяусыз ұрғанын байқауға болады.

    Осыдан соң Панфилов аудандық полициясы жедел түрде тексеру жүргізді.

    «Тексеру барысында 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады полиция департаменті.

    Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін әйел полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Сонымен қатар қазіргі таңда қамқоршылық және қорғаншылық органының атына ата-ана құқығынан айыру туралы ұсыныс жолдау мәселесі қарастырылып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →