Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Жекеменшік мектептерге талап күшейді: Мемлекеттік тапсырыс та тоқтатылады

    Қазақстанда жекеменшік мектептерді ашу және олардың жұмысына қатысты талаптар күшейтілді. Енді лицензия тек қажеттілікке қарай беріледі.

    Жекеменшік мектептерге талап күшейді: Мемлекеттік тапсырыс та тоқтатылады
    file_137.jpg

    Қазақстанда жекеменшік мектептерді ашу және олардың жұмысын реттеу ережелері өзгереді. Оқу-ағарту министрлігі енді бизнеске емес, нақты қажеттілікке басымдық бермек, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жаңа ережеге сәйкес, лицензиялар тек орын тапшылығы сезілетін, апатты жағдайдағы немесе үш ауысыммен оқитын мектептері бар аймақтарда ғана беріледі. Бұрынғыдай кез келген жерден жекеменшік білім ордасын ашу мүмкін болмайды.

    Сонымен қатар, жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс беруге уақытша тыйым салу (мораторий) жоспарланып отыр. Мектеп директорын тағайындау тәртібі де күрделенді: егер бұрын бұл мәселені тек құрылтайшы шешсе, енді кандидатты Оқу-ағарту министрлігімен және жергілікті әкімдіктермен келісу міндеттеледі.

    Ең басты өзгерістің бірі – құрылтайшылардың жауапкершілігін арттыру. Олар енді білім сапасына, мұғалімдердің біліктілігіне және оқушылардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты болады.

    Бүгінгі таңда Қазақстанда лицензиясы бар 890 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Ведомствоның хабарлауынша, олардың басым бөлігінің құжаттары цифрлық форматқа көшірілген.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →