Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қорғаныс министрлігінде маңызды тағайындау: Бас штабқа жаңа бастық келді

    Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы тағайындалды.

    Қорғаныс министрлігінде маңызды тағайындау: Бас штабқа жаңа бастық келді
    file_135.jpg

    Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы ауысты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бұл лауазымға Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров тағайындалды. Осыған дейін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы қызметін атқарған Сұлтан Қамалетдинов қызметінен босатылды.

    Қаныш Әбубәкіров бұған дейін де жауапты қызметте болған. Ол 2024 жылдың 4 қаңтарында Президент өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.

    48 жастағы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясының және Ұлттық қорғаныс университетінің түлегі. Ол әскери мансабын десанттық-шабуылдау батальонының барлау ротасындағы барлау тобының командирі ретінде бастаған.

    Кейінгі жылдары 61993, 22750, 25744 әскери бөлімдерінің командирі, сондай-ақ 61993 әскери бөлімі командирінің орынбасары – штаб бастығы қызметтерін атқарды.

    Әр жылдары Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, Құрлық әскерлерінің Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріне және Құрлық әскерлерінің Десанттық-шабуылдау әскерлеріне басшылық етті. Сонымен қатар Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы лауазымында қызмет еткен.

    Фото: gov.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →