Басты бет » Маржан Арапбаеваны соққыға жыққан күйеуі қамауға алынды: Полиция мәліметі

Маржан Арапбаеваны соққыға жыққан күйеуі қамауға алынды: Полиция мәліметі

file_130.jpg

Белгілі әнші Маржан Арапбаева отбасылық жанжалдан соң азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арыз жазды. Астана полиция департаменті оның күйеуі Ербол Нұрмұхамбетовтың қамауға алынғанын растады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде әншіні жұбайының қоғамдық орында балағаттап, қол көтергені туралы ақпарат тараған болатын.

Астана қаласының полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, 43 жастағы Ербол Нұрмұхамбетов қоғамдық орында былапыт сөйлегені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

«Сондай-ақ, жанжал кезінде ол азаматтық некедегі жұбайына қарсы күш қолданған. Оған қатысты дене жарақаттарын келтіру фактісі бойынша қосымша арыз тіркелді», — деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда әншіні соққыға жығу фактісіне қатысты қосымша арыз қаралып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика