Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды •

    Қазақ боксында үлкен өзгеріс: Бас бапкер Головкиннің ұйымына қызметке кірді

    Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов Геннадий Головкин басқаратын World Boxing құрамындағы ұйымда жаңа қызметке кірісті.

    Қазақ боксында үлкен өзгеріс: Бас бапкер Головкиннің ұйымына қызметке кірді
    file_120.jpg

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов World Boxing құрылымындағы жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жақында құрылған Asian Boxing халықаралық федерациясы өз комиссияларының құрамын жаңартты. Маңыздысы, барлық комиссияға Қазақстан өкілдері енген. Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбай ұйымның Тексеру-қаржы комиссиясын басқарды.

    Ал Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов пен Өзбекстан құрамасының жетекшісі Тулкин Киличев Бапкерлер комиссиясының мүшесі атанды. Бұл комиссияда олармен бірге Иран мен Иордания өкілдері де жұмыс істейді.

    Asian Boxing – 2024 жылы World Boxing ұйымының қолдауымен құрылған жаңа құрылым. Оған Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) шеттетілгеннен кейін олимпиадалық мәртебесінен айырылғысы келмеген Азия елдерінің ұлттық федерациялары мүше болды. World Boxing ұйымының президенті – қазақ боксының аңызы Геннадий Головкин екені белгілі.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →