Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды

    «Дикий Арманның» ісіне қатысты тың дерек шықты

    «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді деп хабарлады Qazaq.Today tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    «Жұмагелдиев Алматыдағы ҰҚК уақытша ұстау изоляторында қамауда. Оның қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды», – деді Бас прокуратура Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында.

    Бас прокуратура мәліметінше, Жұмагелдиев келесі баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған: 287 Қылмыстық кодекстің 4-бөлігі «Ататын қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша немесе бірнеше рет заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»;

    Қылмыстық кодекстің 272-бабы «Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу», күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру; 126 ҚК-нің 3-бөлігінің 3-тармағы өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып «Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру».

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →