Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Stan.kz: Жаңалықтар мен сараптамалар Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды «Екі рет KeshYou-ді сатып алуға ұсыныс түсті»: Баян Алагөзова ел естімеген шындығын айтты Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Stan.kz: Жаңалықтар мен сараптамалар Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды «Екі рет KeshYou-ді сатып алуға ұсыныс түсті»: Баян Алагөзова ел естімеген шындығын айтты

Қазақстанда 18, 19 және 20-аймақ нөмірі беріледі

Елімізде Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылатынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі жолдауында мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі жазды.

Абай облысының әкімшілік орталығы — Семей (Шығыс Қазақстан облысынан бөлініп шығады), Ұлытаудың орталығы — Жезқазған (Қарағанды облысынан бөлінеді), Жетісу облысының орталығы Талдықорған болады. Ал Алматы облысы Қапшағайдан басқарылады. Қала жақында Қонаев деп аталуы мүмкін. Мемлекет басшысы бұған қарсы болмайтынын айтты.

Демек биыл (жылдың алғашқы жартысында) Қазақстанда жаңа үш өңірдің сандық белгісі бар мемлекеттік нөмір беріле бастайды. Болжам бойынша олар «18», «19» және «20» болуы мүмкін. Жаңа нөмір жаңадан тіркелген машиналарға беріледі. Ал бұған дейін тіркелген көліктер бұрынғысымен жүре береді.

Жаңа облыстар нақты қашан құрылатыны 18 наурызда өтетін үкіметтің кезектен тыс отырысында белгілі болуы мүмкін.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика