Фото: Depositphotos/Musiu0
Реал Мадрид клубының бас бапкері Хаби Алонсо сегіз айлық қызметінен кейін отставкаға кетті, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Клуб басшылығы 44 жастағы Алонсоны 42 жастағы Альваро Арбелоа алмастыратынын мәлімдеді. Айта кетейік, Арбелоа Алонсомен бірге Испания ұлттық құрамасында және Ливерпуль сапында доп тепкен.
Жексенбі күні мадридтік ұжым Испания суперкубогінің финалында басты қарсыласы Барселона командасынан жеңіліс тапты. Сонымен қатар, ұлттық біріншіліктің турнирлік кестесінде «Реал» «Барсадан» төрт ұпайға қалып, екінші орында тұр.
Еске салайық, Хаби Алонсо бапкерлік жолында 2024 жылы Байер клубын Германия чемпионы атандырған. Ал бір жылдан соң, өткен жазда, ол әйгілі Карло Анчелоттидің орнына «Реал Мадридтің» бас бапкері қызметіне келген еді.
Ал Альваро Арбелоа өткен көктемнен бері «Реал Мадридтің» қосалқы құрамдарымен жұмыс істеп келеді.
