Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    Қарағанды: Балалар үйінің тәрбиеленушілерін несие алуға мәжбүрлеп, тонап келген

    Қарағандыда полиция балалар үйінің тәрбиеленушілерінен ақша бопсалап, оларды несие алуға мәжбүрлеген ұйымдасқан топты ұстады. Шығын 10 млн теңгеден асқан.

    Қарағанды: Балалар үйінің тәрбиеленушілерін несие алуға мәжбүрлеп, тонап келген
    file_80.jpg

    Қарағандыда полиция қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін бопсалап келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Прокуратураның қолдауымен өткен арнайы операция нәтижесінде бірнеше адамнан құралған топ ұсталған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, олар балаларға тиесілі мемлекеттік жәрдемақыны алдау, қорқыту және күш көрсету арқылы тартып алып отырған.

    Сонымен қатар, күдіктілер жәбірленушілерді микроқаржы ұйымдарынан өз аттарына несие рәсімдеуге мәжбүрлегені анықталды.

    «Алдын ала есеп бойынша, соңғы жарты жылда келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгеден асып жығылады», — деп хабарлады құқық қорғау органдары.

    Тінту барысында күдіктілерден оқ-дәрілер мен атыс қаруына арналған оқжатарлар тәркіленді. Қазіргі уақытта топтың барлық мүшесі қамауға алынып, соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. Олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Фото: Polisia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →