Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    АҚШ генералдары Трамптың бұйрығын «заңсыз әрі ақылға қонымсыз» деп атады

    The Mail on Sunday басылымы Дональд Трамптың Гренландияны басып алуға бұйрық бергенін жазды. Ақ үй мұны жоққа шығармады, бірақ генералдар бұл идеяны «заңсыз» деп атады.

    АҚШ генералдары Трамптың бұйрығын «заңсыз әрі ақылға қонымсыз» деп атады
    file_67.jpg

    АҚШ президенті Дональд Трамп әскерилерге Гренландияға басып кірудің шұғыл жоспарын әзірлеуді тапсырған. Бұл туралы британиялық The Mail on Sunday басылымы жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Газеттің қорғаныс саласындағы дереккөздеріне сәйкес, Трамп АҚШ-тың Біріккен арнайы операциялар қолбасшылығына (JSOC) аралды әскери бақылауға алудың жоспарын дайындауды жүктеген. Негізгі мақсат – Гренландияның бай табиғи ресурстарын иелену және Арктикадағы Ресей мен Қытайдың ықпалына тойтарыс беру.

    Басылымның жазуынша, Трамп әкімшілігіндегі Стивен Миллер секілді «сұңқарларды» мұндай батыл қадамға Венесуэладағы жағдай, яғни Николас Мадуроның ұсталуы шабыттандырған болуы мүмкін.

    Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме беріп, әскери күш қолдану мәселесіне тоқталды.

    «Әскери күш қолдану – Бас қолбасшының кез келген уақытта пайдалана алатын мүмкіндігі. Дегенмен, біз дипломатиялық жолды бірінші орынға қоямыз», — деді ол.

    Алайда, бұл идеяға АҚШ-тың Штаб бастықтарының біріккен комитеті түбегейлі қарсы. Басылым дереккөздеріне сүйенсек, генералдар мұндай әрекетті Конгресстің рұқсатынсыз орындауға болмайтынын алға тартады және бұл бастаманы «заңсыз әрі ақылға қонымсыз» деп санайды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →