Иран үкіметі 9 қаңтарда протест толқыны қарқын алуына байланысты елдегі интернетті әрі шетелмен байланыс қоңырауларын уақытша өшірді. Бұл әрекетке бағаның өсімі мен инфляцияның 40 пайыздан асуы түрткі болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ел көлемінде тараған бұл антиүкіметтік жиында азаматтар сыртқы саясатқа наразы болып, «Не Газа, не Ливан – менің өмірім Иранға арналсын» деген ұранмен шықты. Елдің жоғарғы басшысы аятолла Али Хаменеи бұл митингке қатысушыларды АҚШ президенті Дональд Трамптың ықпалындағы «шетелдік жалдамалылар» деп айыптады.
«Біз бұл мәселеге байланысты қажетті шараларды қабылдаймыз,» — деді Хаменеи.
Мемлекеттік телеарна наразылық орын алған қалалардағы өрттер мен қиратулардың кадрларын көрсетті, ал тергеу барысында билік бұл зорлық-зомбылықты Иранның моджахедтер ұлттық ұйымына жүктеді. Эмиграциядағы ирандық оппозиция халқын наразылықты жалғастыруға шақырып, соңғы шахтың мұрагері Реза Пехлеви әлеуметтік желілер арқылы халыққа үндеу тастады: «Бүкіл дүние сіздерге қарап тұр. Көшеге шығыңыздар».
Фото: Әлеуметтік желіден
