Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада заңсыз әрекетке барғандар құрықталды Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті «Қиын жағдай»: Белгілі әншінің денсаулығы көпті алаңдатты Мемлекет басшысы: Дүниежүзілік ЖИ адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігінің жаңа тетігі Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Астанада заңсыз әрекетке барғандар құрықталды Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті «Қиын жағдай»: Белгілі әншінің денсаулығы көпті алаңдатты Мемлекет басшысы: Дүниежүзілік ЖИ адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігінің жаңа тетігі Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

    Бас көлік прокуратурасы Air Astana мен Fly Arystan қызметін тексеруді талап етті

    Бас көлік прокуратурасы Air Astana мен Fly Arystan қызметін тексеруді талап етті

    Фото: Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы

    FlyArystan компаниясының бұрынғы қызметкері Ренат Абулханов Air Astana топ-менеджерлерінің мүддесіне әуе билеттерін жеңілдікпен сатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform-ға cілтеме жасап.

    Естеріңізге салсақ, Ренат Абулханов FlyArystan компаниясының Бағдар желілерін жоспарлау және кірістерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарған.

    Оған әуе компаниясының қаражатын талан-таражға салды деген айып тағылып, тергеуге алынған.

    Күні кеше Абулхановтың досы Бекзат Құлманов Ренаттың атынан үндеу хат жариялады. Хатта оның компания басшыларының тапсырмасымен әуе билеттерін жеңілдікпен рәсімдегені айтылады.

    — Бұл өтінімдер маған компаниялардың топ-менеджерлерінен келді. Онда олар өздері, туған-туыстары мен түрлі «қажетті» адамдар үшін өтініш жасады. Сотта куәгер Air Astana Ақ президентінің жұбайына, оның әпкесі мен анасына арзан тарифпен билеттер жазып бергенін нақты айтты. Air Astana АҚ бас бухгалтері де сотта компания топ-менеджерлерінің мұндай өтінішпен маған жүгінетінін, өзі де жүгінгенін мойындады, — делінген хатта.

    Осы орайда Air Astana үкім шықпайынша сот прцесінің материалдарына пікір білдіре алмайтындықтарын мәлімдеді. Ал Бас көлік прокуратурасы әлеуметтік желіде тараған ақпараттан хабардар болып шықты.

    — Жарияланымда әуе компаниясы басшылығының нұсқауымен топ-мпенеджерлердің туыстары мен өзге де тұлғаларға жеңілдікті әуе билеттерін сату туралы мәліметтер бар. Аталған тұжырымды тексеру мақсатында Бас көлік прокуратурасы Азаматтық авиация комитетіне Air Astana мен Fly Arystan қызметіне тексеру жүргізу туралы талап жолдады, — деп атап өтті ведомстводан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →