АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикадағы наркокартельдерді жою мақсатында әскери шараларды жоспарлап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Fox News телеарнасында айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Трамптың айтуынша, АҚШ су жолдары арқылы келетін есірткі тасымалын 97 пайызға тоқтатып, енді құрлықтағы картельдерге соққы жасауды көздеп отыр. «Наркокартельдер Мексиканы басқарады. Бұл елдегі жағдайды көріп, өкінішті жағдайға кезігудеміз», — деді президент.
«Біз бұл мәселені шешуге дайынбыз», — деді Дональд Трамп.
Қыркүйек айынан бері америкалық әскери күштер Венесуэла жағалауындағы кемелерге соққы жасауда. Трамп мұны есірткі тасымалының алдын алу шаралары деп түсіндірді. Бұған дейін ол Латын Америкасы мен Кариб аймағындағы, оның ішінде Мексика және Колумбиядағы наркокартельдерге қарсы әскери операцияларды кеңейтуді жоспарлағанын жасырмады.
Фото: The White House
