Батыс Қазақстанда үй өртеніп, екі адам қаза болды

Фото: Видеодан скрин

Батыс Қазақстан облысында екі адамның өліміне соқтырған өрт оқиғасы тіркелді. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 қаңтар күні сағат 20.11-де Бәйтерек ауданы Көшім ауылындағы тұрғын үйде болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өрт сөндірушілер жеткен мезгілде 50 шаршы метр аумақта төбе мен жеке заттардың жанып жатқаны анықталды.

— Бөлімшелер жеткенге дейін полиция қызметкерлері екі адамның денесін алып шыққан. Олардың біреуі ер, екіншісі әйел адам. Тілсіз жау сағат 21.30-да толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды, — деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика